Елордада көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

0
410

Қызды құтқаруға сарбаздарға қала тұрғыны да көмекке келіпті.


Елордада көпірден секірмек болған қыз құтқарылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда көпірден секірмек болған қызды ұландар мен тұрғын құтқарып қалды, деп жазады zakon.kz.

2 маусым күні сағат 12:15 шамасында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ерзат Нұрғалиев, Шон Қадұлрафик пен Фархад Апбазов Сарайшық көшесінің бойындағы көпірден суға секірмек болған азаматшаны байқады, деп жазды Ішкі істер министрлігінің ақпараттық ресурсы.

Ведомствоның мәлімдеуінше, қызды құтқаруға сарбаздарға қала тұрғыны да көмекке келіпті.

Қатардағы Ерзат Нұрғалиев жағдайды тез бағамдап, ысқырығымен дауыстап қыздың назарын өздеріне аударады. Сол сәтте қасынан велосипедпен кетіп бара жатқан азамат не болып жатқанын түсініп, көпірдің шетінде тұрған қызды екі қолымен құшақтап ұстап қалады. Ұландық жауынгерлер де көпірге шығып, қызды қауіпсіз жерге шығарады.ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, 31 жастағы азаматшаның мұндай қадамға баруына жігітімен ұрысуы себеп болған.

Айта кету керек, қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатқанда велосипедпен жүрген елордалық жігіт еш үндемей үйіне кетіп қалған. Осылайша оның кім екені анықталмаған күйде қалды.ҚР ІІМ баспасөз қызметі