Елордада құрбысына балкон арқылы түскен 14 жастағы қыз жұртты шошытты (видео)

0
879

14 жастағы қыз оянып, құрбысына бармақ болған.


Елордада құрбысына балкон арқылы түскен 14 жастағы қыз жұртты шошытты (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде қыздың жоғарғы қабаттан төмендегі құрбысының пәтеріне балкон арқылы түскен сәтінің видеосы тарады, деп жазады Stan.kz.

Белгілі болғандай, оқиға 11 маусымда орын алған.

14 жастағы қыздың анасы екінші қызын алып, үйдің есігін жауып, өз жұмыстарымен шығып кеткен екен. Артынша 14 жастағы қыз оянып, құрбысына бармақ болған. Оның кілті болмағандықтан, балкон арқылы түсуіне тура келіпті.

Полиция мәліметінше, қыз аман-есен.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!