Елордада Махатма Гандиге ескерткіш орнатылады

0
893

Елордада Махатма Ганди, Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қою жоспарлануда.


Елордада Махатма Гандиге ескерткіш орнатылады

ERNUR.KZ. Елордада Үндістанды британдық отарлаудан азат ету ұлттық қозғалысының көшбасшысына айналған, кезінде Махатма Ганди есімімен танымал болған Мохандаса Карамчанды Гандидің құрметіне ескерткіш орнатылады, деп жазады Елорда Инфо.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев мәлім етті.

«Махатма Ганди, Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш қою жоспары бар. Бүгінде ескерткіштерді орнату орындары анықталуда. Неге анықталуда? Өйткені ескерткішті кез келген жерге қоя алмаймыз ғой. Сондықтан ескерткіш қоюға болатын жерлерде орнататын боламыз. Айтар болсақ, Қ.Сәтбаевтың ескерткіші Қажымұқан мен Қ.Сәтбаев көшесінің қиылысында қойылса ыңғайлы болар еді», - деді Н.Уранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, аталған басқарма басшысы елордада 56 инвестициялық нысанды іске асыру тоқтатылғаны туралы мәлімдеген болатын.