Елордада сауда орталығынан шыққан өрттен 20 жасар қыз зардап шекті

0
650

Оның жағдайы орташа ауыр.


Елордада сауда орталығынан шыққан өрттен 20 жасар қыз зардап шекті

ERNUR.KZ Елордада «Астықжан» сауда орталығында өрттен бір адам зардап шекті, деп жазады baq.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі өрт туралы қосымша ақпарат таратты.

Өртті сөндіру барысында зардап шеккен қыз анықталды. Ол «Универсал» жиһаз дүкенінің қызметкері, 2001 жылы туған. Қазіргі уақытта ол травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына (NIITO) жеткізілді, оның жағдайы орташа ауыр, - деді баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Астықжан» сауда орталығында 3-қабатта жиһаз салоны жанып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.