Елордада саяжайдағы үйдің шатыры өртеніп кетті

0
524

40 шаршы метр шатыр өртенді.


Елордада саяжайдағы үйдің шатыры өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Елордада саяжайдағы үйдің шатыры өртеніп кетті, деп жазады inform.kz.

Өрт шамамен Кенесары мен Күмісбеков көшелеріне тақау, Есіл өзенінің сол жағалауында саяжай аумағында орналасқан жер үйлердің бірінен шыққан.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шақыртумен оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 16-03-те өрттің алдын алып, он минуттың ішінде сөндірген.

«40 шаршы метр шатыр өртенді. Жарақаттанғандар мен қаза тапқандар жоқ», - деді департаменттен.