​Елордада тәттіден бір отбасында 5 адам уланды

0
49

Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті аталған нысанда тамақтан улануға қатысты тексеру жүргізіп, эпидемияға қарсы шараларды бастап кетті.


​Елордада тәттіден бір отбасында 5 адам уланды

ERNUR.KZ. ҚазАқпарат - Елордада бір отбасы «Happy Cake» тортынан уланып қалды. Осы оқиғаға орай Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат .

«Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде елорданың жұқпалы аурулар ауруханасына 4 ересек пен 10 жастағы бір бала өткір ішек инфекциясымен жатқызылды. Зардап шегушілер өздерінің ауруларын жексенді 14 сәуір күні Күйші Дина көшесі 13 үйде орналасқан «Happy Cake» дүкенінен «Птичье молоко» тортын алып жеумен байланыстырады», - деп атап өтеді ведомстводан.

Қазіргі уақытта Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті аталған нысанда тамақтан улануға қатысты тексеру жүргізіп, эпидемияға қарсы шараларды бастап кетті. Тексеру қорытындысы мен қабылданған әкімшілік шаралар қосымша хабарланады.

«Бұған дейін департамент «Happy Cake» дүкенінің кремді-кондитерлік өнімдерді пісіруге рұқсат қағаздарының жоқ екендігін және тексеру жүргізуге мүмкіншіліктің жоқтығын халыққа хабарлаған болатын. Себебі елімізде кәсіпкерлік субъектісі ашылған күнінен бастап 3 жылға дейін тексеруден босатылған. Бұған қоса, 2017 жылы Ақмешіт көшесі 5 үйде орналасқан «Happy Cake» нысанына рұқсат беру құжаттарын беруден бас тартылған болатын. Себебі ол санитарлық талаптарға сай келмейді», - деп атап өтеді департаменттен.

Сонымен қатар Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті елорда тұрғындарына кремді-кондитерлік тағамдарды сатып алмас бұрын сатушыдан санитарлық-эпимиологиялық қорытындысының бар-жоғын сұрауға кеңес береді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет