Елордада жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмайды

0
1 690


Елордада жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмайды

ERNUR.KZ. Жаңа жыл қарсаңында елорда аумағында мерекелік шаралар ұйымдастырылмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты, деп жазады inbusiness.kz.


«Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала аумағында мерекелік шаралар ұйымдастырылмайды. Соған қарамастан үйдегі қауіпсіздік шараларына мән бергім келіп отыр. Шыршаларды безендірген кезде шыршалар мықты және құламайтын негізде орнатылуға тиіс. Олар эвакуациялық жолдарға бөгет болмауы шарт. Шыршалар қабырға мен төбеге 1 метр жетпейтіндей ара қашықтықта тұруы керек. Сонымен қатар шыршаларды безендіруге қолданылатын электр шамдар электр қондырғыларды пайдалану қағидаларына сәйкес болуы шарт. Бұған қоса, олардың шамдарының кернеулігі 12 вольттан, ал қуаттылығы 24 ваттан аспайтын болуы керек», - деді басқарма басшысы.