Елордада жастар TikTok-қа видео түсіру үшін көпірдің арқасына шығып кеткен

0
393

Тәртіп сақшылары 19 және 21 жастағы елорданың үш тұрғынын ұстады.


Елордада жастар TikTok-қа видео түсіру үшін көпірдің арқасына шығып кеткен

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жастар TikTok әлеуметтік желісіне видео түсіру үшін көпірдің арқасына шығып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға 26 шілде күні таңертең 04:30-да болған. Полицияға Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпірдің арқасына біреулердің өрмелеп бара жатқаны туралы куәгерлерден хабар келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Аталған факті расталды. Тәртіп сақшылары 19 және 21 жастағы елорданың үш тұрғынын ұстады. Олар Нұр-Сұлтан қаласының көрінісін қоса алып TikTok әлеуметтік желісінде ерекше видео түсіру үшін осындай әрекетке барғанын айтты», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

«Сарыарқа» ауданының Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары тәртіп бұзушылармен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді. Абырой болғанда жастардың мұндай жөнсіз әрекеті қайғылы жағдаймен аяқталған жоқ.