Елордада жедел жәрдемге хабарласушылар 4 мыңнан асқан

0
505

Коронавирустың өршіген кезі - 22 мен 28 маусымға сәйкес келді.


Елордада жедел жәрдемге хабарласушылар 4 мыңнан асқан

ERNUR.KZ. Елордада індет өршігенде жедел жәрдемге хабарласушылар саны күніне 4 мыңнан асып кеткен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп жазады baq.kz.


Коронавирустың нағыз өршіген кезі - 22 мен 28 маусымға сәйкес келді. Осы кезде жедел жәрдем станциясына хабарласқандар көбейді. Күніне орта есеппен 4300 шақырту түсті. Оның алдында бұл көрсеткіш 2000-2500 болатын. Ал енді сенбі-жексенбіде енгізген карантиндік шаралардан соң, жағдай сәл де болса жақсара бастады. Біз қатарынан екі аптаның демалыс күндерінде карантин жарияладық. Одан кейін 5 шілдеден бастап, 14 карантиндік режим басталды. Бүгін, міне, үшінші күн. Жедел жәрдемге қоңырау шалатындар азайды, - дейді Алтай Көлгінов.

Коронавирус індетінің шарықтау кезінде елордада жедел жәрдемге күніне 3000-нан астам қоңырау түссе, қазір хабарласатындар саны 2090-ға дейін азайған.

Оның айтуынша, қала халқы осы күні эпидемияға салмақты қарай бастаған. Мемлекетке, медицина қызметкерлеріне қолғабыс жасап отыр деп санайды.

Қоңырау көбейген кезде жедел жәрдем бригадасын 110-нан 150-ға дейін жеткіздік. Өйткені, хабарласқан азаматтарға дереу көмек көрсетуге тырыстық. Сосын ситуациялық орталық құрдық. Сол жерден КВИ-мен ауырғандарды емдейтін стационарларға жіберіп отырдық, - дейді әкім.