Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты

0
525

Жүргізуші Қонаев көшесіндегі үйдің маңына көлігін қойып, кетіп қалған.


Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты

ERNUR.KZ. Елордада жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты, деп жазады tengrinews.kz.

2 желтоқсанда Қонаев көшесінде 21 жастағы жүргізуші ВАЗ 2114 маркалы көлікті толық тоқтатпай қалдырып кеткен. Оның салдарынан көлік аялдамаға барып соғылған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде аялдама зақымдалған, онда адамдар болмаған.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Астана әкімшілік сотына жіберілді.

Жүргізуші Қонаев көшесіндегі үйдің маңына көлігін қойып, кетіп қалған.

Полиция департаменті өкілдері жүргізушілерге сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.