Елордада «Журналистер аллеясы» ашылады

0
391

Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталары орнатылады.


Елордада «Журналистер аллеясы» ашылады

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда, деп жазды baq.kz.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

"Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Елордамызда «Журналистер аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін, - деп жазды ол.

Министрдің сөзінше, аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталары орнатылады. Сондықтан аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырылды.

Бұл бізге тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болары сөзсіз, - деп жазды Аида Балаева.