Елордадағы "Астықжан" сауда орталығындағы өрт сөндірілді

0
547

"Астықжан" сауда орталығынан шыққан өртті сөндіруге үш сағаттан аса уақыт қажет болды.


Елордадағы

ERNUR.KZ "Астықжан" сауда орталығындағы өрт сөндірілді, деп жазады Sputnik Қазақстан

Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндірушілеріне "Астықжан" сауда орталығынан шыққан өртті сөндіруге үш сағаттан аса уақыт қажет болды.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 14 мың шаршы метрді құрады.

"Тілсіз жауды сөндіруге қалалық ТЖД күштері мен құралдары – 105 адам және 26 техника, сондай-ақ коммуналдық қызметтің сегіз машинасы жұмылдырылды", - деп мәлімдеді елорданың төтенше жағдайлар департаменті.

Еске салсақ, бүгін, 2 қазан сағат 09:40-та "Астықжан" сауда орталығынан өрт шықты. Ғимараттың үшінші қабатында жиһаз салоны жанған.

Құтқарушылар келгенге дейін өрттен аман қалу үшін 20 жастағы қыз терезеден секіріп кетті. Анықталғандай, ол "Универсал" жиһаз цехының қызметкері. Зардап шеккен бойжеткен ауруханаға жеткізілді, жағдайы орташа ауыр.