Елордадағы жарылыс: Қала әкімі қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетілетінін айтты

0
932

елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тап


Елордадағы жарылыс: Қала әкімі қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетілетінін айтты

Елордада дәмханадағы газ баллоны жарылуы салдарынан қаза тапқан қыздың отбасына көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

«Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Жедел штаб құрылып, психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін 24-51-71, 24-51-47 жедел желісі құрылды», - деп жазады елорда әкімі, Алтай Көлгініов

Сонымен қатар, қала басшысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырғанын атап өтеді.

Бұған дейін елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік .

Қазіргі уақытта жарылыс салдарынан зардап шеккен 33 адамның аруханаларға жеткізілгені белгілі.