Елордадағы жарылыс кезінде барлығы 33 адам зардап шеккен

0
878

Жарылыс кезінде ғимараттың ішінде 27 адам болған.


Елордадағы жарылыс кезінде барлығы 33 адам зардап шеккен

ERNUR.KZ. Елордадағы дәмханалардың бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 33 адам жарақат алған, деп жазады 24.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дәмханада газ баллоны жарылды. Оқиға түскі 12:25-те тіркелді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жарылыс кезінде ғимараттың ішінде 27 адам болған. Зардап шеккендерге қалалық медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Ал әкімдік тарапынан арнайы штаб құрылып зардап шеккендерге көмек беріледі.

Дәмхана шаһардың сол жағалауындағы тұрғын үйлер жанында орналасқан. Қазіргі сәтте нысандағы өрт сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша дәмханадағы газ баллоны жарылған.

"Бұл кафеден 15 шақты газ баллондары шығарылған. Осы кафенің қожайынының мәліметінше, жарылыс болған сәтте шамамен 30, нақты саны 27 адам болған. Бұл жерден құтқарылған кезде барлығы тірі болған. 19 адам жарақат алған, ал аурухана жеткенде бір қыз баланың қайтыс болғандығы туралы хабарлама келіп түсті" - дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.