Елордалық блогер қалада қой сүйреп жүргені үшін қамауға алынды

0
785

Блогердің өзі видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялаған.


Елордалық блогер қалада қой сүйреп жүргені үшін қамауға алынды

ERNUR.KZ. Блогер Біржан Әубәкіров жұрттың реакциясын тудыратын видеолар жариялауды жалғастырып жатыр. Бұл жолы ол өте шулы идея таңдады. Дәлірек айтсақ, ол қойды сүйреп, Астананы аралады, деп жазады zakon.kz.

Блогердің өзі видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялаған. "Қоймен қыдырдым. 5 күнге жауып тастады", - деп жазды Әубәкіров. Оқиғаның мән-жайын елордалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

"2023 жылдың 24 қазанында 25 жастағы астаналық блогер әлеуметтік желілер арқылы жұрттың назарын аударғысы келіп, "Азия Парк" сауда орталығында тірі қоймен қыдырып, тіпті қоғамдық көлікті пайдаланбақ болған".Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ведомствода атап өткендей, оның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеп соқты.
"Блогер ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 407-1-бабы жануарларға қатыгездік жасағаны үшін және 434-2-бабы қоғамдық орынды ластағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды".Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі