Елордалық оқушы Қытай университетінің толық грантын ұтып алды

0
430

Зияткерлік мектеп түлегі Наргиз жоғары оқу орнында заңгер мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.


Елордалық оқушы Қытай университетінің толық грантын ұтып алды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Наргиз Шантаева Қытайдың Duke Kunshan университетінен толық білім грантын ұтып алды, деп жазады baq.kz.

Сонымен бірге Наргизге әлемдік QS-2021 рейтінгісі бойынша Еуропаның үздік саяси университеті саналатын франциялық Sciences Po университетінен шақырту келді.

Жоғары оқу орындарын таңдау кезінде қытайлық университеттің ұстанған жаһандық көзқарасы мен этно-мәдени алуандылығы Наргиздің назарын аудара білген. Оған қоса, Duke Kunshan университеті (DKU) - Duke Университеті (АҚШ) мен Ухань университетінің (Қытай) бірлескен жобасы. DKU дипломынан басқа, барлық түлек Duke университетінің дипломын ала алады.

Зияткерлік мектеп түлегі Наргиз жоғары оқу орнында заңгер мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

Осынау 6 жыл ішінде маған көрсеткен ықыласы мен көмегі үшін барлық ұстаздарым мен кураторларға ерекше алғыс айтқым келеді. Мектеп бітіруші сыныптастарыма келер болсақ, жаңа қадамдарыңызға гүл бітсін. Сіздерге тек сәттілік тілеймін! Қазір мен университеттегі оқуыма дайындалып жатырмын. Содан кейін арманымдағы жұмысқа орналасып, сүйікті құқық және сот істерінде өзімді білікті маман ретінде дәлелдейтініме үміттенемін, - дейді жас зияткер.