​Елорданың 20 жылдығына 20 метрлік торт дайындалды

0
2 076

Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «бос орындар» жәрмеңкесі бұл жолы жаңа форматта өтті.


​Елорданың 20 жылдығына 20 метрлік торт дайындалды

ERNUR.KZ. Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығы екі қолға бір күрек таппай жүргендерге ерекше мүмкіндік ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «бос орындар» жәрмеңкесі бұл жолы жаңа форматта өтті. Арбатқа жиналған жұмыс іздеушілер алдымен мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалап, жастар «Астана жүрегімде» деп аталған флешмобқа қатысты.

Алматы қаласының жастар ұйымы елорданың 20 жылдығына арнап 20 метрлік торт дайындап, өнерсүйер қауым үшін тамаша сурет көрмесі ұйымдастырылған. Елбасы, Астана, Бәйтерек – барлығы да атаулы датаға арнап салынған туындылар.