Елорданың 9 жасар тұрғыны халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті

0
1 541

Азат Анажан-Ханым Little Miss&Mister Universe 2019 халықаралық байқауының гран-приін жеңіп алды.


Елорданың 9 жасар тұрғыны халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Елорданың 9 жастағы түрғыны Азат Анажан-Ханым Little Miss&Mister Universe 2019 халықаралық байқауының гран-приін жеңіп алды, деп жазады inform.kz.

Азат Анажан-Ханым Нұр-Сұлтан қаласында №81 орта мектептің 3-сыныбында оқиды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сұлулық байқауы Грузияның Тбилиси және Батуми қалаларында өткен. Халықаралық байқауға Австралия, Филлипин, Таиланд, Румыния, Нидерланды, Вьетнам, Үндістан, ТМД, Орта Азия, Африка мен Латын Америкасы мемлекеттерінен, жалпы әлемнің 35 елінен өкіл қатысқан.