​Елорданың спорт әуесқойлары үшін Наурыз мерекесі веложарыстан басталды

0
1 276

Бұқаралық велошеруге 130-дан аса адам қатысуға ниет танытқан болатын. Олар 6 шақырымдық жарыс жолын жүріп өтіп, әртүрлі жас деңгейі бойынша жеңімпаздарды анықтады.


​Елорданың спорт әуесқойлары үшін Наурыз мерекесі веложарыстан басталды

ERNUR.KZ. Астанадағы спорт әуесқойлары үшін Наурыз мерекесі веложарыстан басталды, деп жазады 24.kz.

«Сарырқа» велотрегінің алдында қазақ ауылы бой көтеріп, спорт сүйер қауым үшін ерекше тарту жасалды. Бұқаралық велошеруге 130-дан аса адам қатысуға ниет танытқан болатын. Олар 6 шақырымдық жарыс жолын жүріп өтіп, әртүрлі жас деңгейі бойынша жеңімпаздарды анықтады. Енді спортқа жауапты министрлік пен олимпиадалық даярлау орталығы бұндай шараны дәстүрлі өткізуді жоспарлап отыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Наурыздан наурызға Қазақстан биік жетістіктермен жете берсін. Бәріміз спортпен шұғылданайық. Спорт елді біріктіреді. Спорт жастарды тәрбиелейді. Спорт бәрімізді биік жетістікге алып келеді. Наурыз құтты болсын!

Гүлдана Қанапиянова, Олимпиадалық даярлау орталығының қызметкері:

- Одан бөлек қазір концерттік бағдарламалар ұсынылады. Әннен шашу шашылып, мың бұрала билейді бишілер. Одан кейін арқан қазақтың ұлттық ойындары жаңғыртылады.