Елорданың үздік тауары таңдалады

0
1 017

Сараптамалық комиссия елордада шығарылатын үздік тауарларды анықтайды.


Елорданың үздік тауары таңдалады

ERNUR.KZ. Биыл астананың 100-ден астам кәсіпорны «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысады, деп жазады Елорда Инфо.

Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы өңірлік іріктеу өтпек, оның барысында сараптамалық комиссия «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша елордада шығарылатын үздік тауарларды анықтайды.

Көрме-байқауда телекоммуникациялық жабдық (модемдер, коммутаторлар), полиграфиялық өнім, тіс пастасы және спорттық тағамдар, табиғи косметика, қолдан жасалған ірімшіктер, сондай-ақ басқа да Нұр-Сұлтан қаласында жасалған өнімдер ұсынылады.

Өңірлік іріктеуден өткен жеңімпаздар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауға қатысуға жолдама алады.

Өтетін күні мен орны: 13 шілде, Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 32, «Астана» концерт залы.