Елжан Біртанов жаппай екпеге қарсылық білдірушілерге жауап берді

0
708

Келесі жазда бүкіл Еуропада "COVID-19 вакцинасын алмағандарға кіруге тыйым салынады" деген белгілер пайда болуы ғажап емес - министр.


Елжан Біртанов жаппай екпеге қарсылық білдірушілерге жауап берді

фото ашықдереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрі еліміздегі жаппай вакцинациялау шарасына қарсылық танытушыларға жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Бізде кейбір "жолдастар" әмбебап екпені жою қажеттілігі туралы мәселені алаулатып, митингілеп жатқанда, дамыған елдер өз халқы үшін коронавирус пандемиясына қарсы вакцинаны алуға кезекке тұрып жатыр. Бәрі бөлініп қойған сыңайлы. Алдағы жаз мезгілінде «COVID-19 екпе жасалмағандарға кіруге тыйым салынады» деген тақтайшалардың бүкіл Еуропа елдерінде пайда болуын жоққа шығара алмаймыз" - деп жазады Елжан Біртанов.