Емханаларда қағаз стендтердің орнын инфобокстар басатын болды

0
1 209

Сонымен қатар, қалада денсаулық сақтау саласындағы ситуациялық орталық ашылады


Емханаларда қағаз стендтердің орнын инфобокстар басатын болды

фото:ҚазАқпарат.

ERNUR.KZ. ҚазАқпарат - Алматы емханаларындағы қағаз стендтер электронды форматқа көшеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Емхана туралы ақпарат инфобокстарға - арнайы мониторларға орнатылатын болады. Бұл мониторларда емхана туралы барлық ақпарат орналасады. Пациенттер сол ақпаратты оқып, таныса алады», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Мадиева.

Сонымен қатар, қалада денсаулық сақтау саласындағы ситуациялық орталық ашылады.

«Бұл орталық медициналық ұйымдардың ақпаратық жүйлерін біріктіру үшін керек. Сонымен қатар, әкімдік кадрлық тапшылықты бақылап, амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамту, қаржының қозғалысын бақылап отырады. Бұл ақпаратты білу үшін әр аурухана туралы мәліметті сұратудың керегі болмайды», - деді Ж.Мадиева.

Оның айтуынша, болашақта аталған жүйе барлық ТЖД қызметінің жүйелерімен біріктіріледі.