Эмомали Рахмон ресми сапармен Астанаға келді

0
1 123

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Эмомали Рахмон ресми сапармен Астанаға келді

фото: praktika.ru

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайынан ҚР Премьер-Министрі - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев қарсы алды. Айта кетерлігі, кеше Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді атаған болатын. Оның сөзіне қарағанда, келіссөздер қорытындысында Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарланған. Мұнан бөлек, үкіметаралық үш келісімді рәсімдеу де көзделіп отыр. Аталған құжаттардың барлығы да көші-қон мәселелеріне, бір елдің азаматының екінші елге келу тәртібіне қатысты болмақ. Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі 14 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келетіндігін, сапар аясында мемлекет басшылары күн тәртібіндегі екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайтындығын хабарлаған еді. Ал 15 наурызда Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі өтеді. Түрікменстанда жоғары деңгейдегі іс-шаралардың алдын ала жоспарлануына байланысты бұл елден Меджлис төрайымы А.Т.Нурбердыева ханым қатысады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылдың 7 қаңтарында орнады. 2017 жылдың қорытындысында екі елдің арасындағы тауар айналымы 776 млн долларға жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 31,5 пайызға асып түсті.