Емшіге барған әйел аяғынан айырылып қала жаздады

0
1 920

Қант диабетімен ауырып жүрген келіншек дәрігерге барудың орнына емшіден көмек сұраған.


Емшіге барған әйел аяғынан айырылып қала жаздады
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында емшіге барған әйелдің ауруы асқынып кетті. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, деп жазады Sputnik.KZ.
Бұған дейін қант диабетімен ауырып жүрген келіншектің бір аяғын кесіп тастаған. Ал екінші аяғын тазалап тұру қажет. Әйтпесе, гангрена болады. Бірақ келіншек дәрігерлердің ақылына құлақ аспай, емшіге барды. Содан ауруы асқынып кетті.
"Екінші аяғына қауіп төніп тұрған. Дәрігерлер шұғыл ота жасады. Соның нәтижесінде әйелдің өмірін де, аяғын да сақтап қалды. Қазіргі кезде ол қажетті ем-дом алып жатыр", - дейді аурухана мамандары.
Дәрігерлердің айтуынша, ондай оқиғалар аз емес. Бұған дейін бірнеше пациент емшіден кейін аурухананың көмегіне жүгінген. Сондықтан ауру мазалаған жағдайда тек кәсіби мамандарға ғана баруға кеңес беріп отыр.