​Ең төмен күнкөріс деңгейі Түркістан облысында тіркелді

0
2 237

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (34,2 мың теңге)


​Ең төмен күнкөріс деңгейі Түркістан облысында тіркелді

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 1 мың теңгеге көбейген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұндай көрсеткіш 2018 жылдың маусымында 27,8 мың теңгеден асқан. Статистика қызметінің мәліметі бойынша бұл көрсеткіш айына 5,2 пайызға (1,4 мың теңге), ал жыл басынан бастап 8,8 пайызға өскен.

Айта кетерлігі, ең төмен күнкөріс деңгейі бойынша азық-түлікке 15,3 мың теңге, ақылы қызметтер мен тұтынатын басқа да тауарларға 12,5 мың теңге жұсалады екен.

Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (34,2 мың теңге), Астанада (32,2 мың теңге) және Алматыда (31,3 мың теңге), ал ең төменгі Павлодарда (25,3 мың теңге), Түркістан облысында (25,3 мың теңге) және Шымкентте (25,5 мың теңге).