Ең жас депутат Мәди Ахметов қазақстандықтардың сынына жауап берді

0
2 539

Жас депутат оған осы қызметке келуге біреудің көмектескені туралы пікірге жауап берді.


Ең жас депутат Мәди Ахметов қазақстандықтардың сынына жауап берді

ERNUR.KZ. Алматылық 25 жастағы Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты болды. Бірақ әлеуметтік желілерде қазақстандықтар оның тым жас екенін айтып, сынға алып жатыр. Депутат қазақстандықтардың сынына жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

"Сол жиналыста залда жастар тобы отырды, алматылық жастар да, жасотандықтар да болды. Мен олардың атынан сөйледім. Сол кезде мен "Жас Отанның" төрағасы қызметінде болған едім. Сондықтан бұл маған осы жастардың атынан сөйлеуге мүмкіндік береді. Мені бүкіл Қазақстан атынан сөйледі дегені тым асыра айтылған", - дейді Ахметов.

Осы ретте жас депутат оған осы қызметке келуге біреудің көмектескені туралы пікірге жауап берді.