«Еңбек» бағдарламасына қатысқандарға 80 млрд теңге көлемінде жалақы төленді – министр

0
502

Бағдарламаны қаржыландыруға 2017 жылдан бері төрт жылға 540 млрд теңге бөлінген.


«Еңбек» бағдарламасына қатысқандарға 80 млрд теңге көлемінде жалақы төленді – министр

ERNUR.KZ. «Еңбек» бағдарламасына қатысқандарға 80 млрд теңге көлемінде жалақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжілісте нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру жайы сөз болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, бағдарламаға төрт жылда 2 миллионнан астам адам қатысқан.

«Бағдарлама бағыттарын теңгерімді қаржыландыру жолымен 2017 жылдан бастап төрт жылға 540 млрд теңге бөлінген. Бағдарламаның қаржыландыруында тұрақты жұмыс орнын құратын кәсіпкерлік секторына басым назар аударылған. Қосымша бөлінген 50 млрд теңгені біз жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және гранттарға арналған іске бөлдік»,- деді министр.

Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов бағдарламаға қатысқандарға 80 млрд теңге көлемінде жалақы бөлінгенін атап өтті.

«Отбасы мүшелерін қоса айтқанда, 700 мыңнан астам адам табыспен қамтамасыз етіліп отыр»,- деді министр.