​"Еңбекке жарамсыздық парағы" электронды форматта берілуі мүмкін

0
3 767

Бұл азаматтардың уақытын үнемдейді.


​

ERNUR.KZ. Алдағы уақытта 141 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп жазады bnews.kz.

«141 мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстыру жоспарланып отыр. Ал 447 мемлекеттік қызмет түрлерінің кейбір құжаттары мен мерзімін қысқарту қарастырылған. Мысалы, «еңбекке жарамсыздық парағының» берілуін электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр», - деді Д.Абаев.

Бүгінгі таңда 61 пайыз мемлекеттік қызмет түрлерін қазақстандықтар электрондық форматта пайдалана алады.

"Бұл азаматтардың уақытын үнемдейді. Уақытты үнемдеп қана қоймайды. Ең маңызды фактор - ұлт денсаулығы жөніндегі деректерді бір электронды базаға топтастыруға жол ашады. "Big data" технологиясының көмегімен жиналған деректерді денсаулық сақтау мен фармакология саласында тиімді пайдалану жоспарланып отыр", - деді Дәурен Абаев.

Бүгінде 741 мемлекеттік қызмет түрі бар. Абаев баяндамасында олардың ішінде 454-і немесе 61%-і электронды түрде қолжетімді екенін айтты. Сондай-ақ министр 2019 жылы e-gov-қа 8,5 млн-нан астам тұтынушы тіркелгенін және 2018 жылы осы портал арқылы 30 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілгенін де атап өтті.