Еңбекмин жұмыс берушілерге шетелдіктерді тарту үшін бөлінетін квотаны азайтуы мүмкін

0
479

Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Еңбекмин жұмыс берушілерге шетелдіктерді тарту үшін бөлінетін квотаны азайтуы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квотаны белгілеу туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты мынандай пайыздық мөлшерде қарастырылған:

  • жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,24% мөлшерінде;
  • еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3,2% мөлшерінде.
Айта кетерлігі, 2022 жылы жергілікті атқарушы органның жұмыс берушіге беретін рұқсат квотасы 0,31 пайыз болған. Ол да 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға қысқарған.

Осылайша, Еңбек министрлігі квотаның бұл түрін 0,07%-ға қысқартуды жоспарлап отыр.

Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.