Енді Димаштың шайын ішуге болады

0
654

Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.


Енді Димаштың шайын ішуге болады

ERNUR.KZ. Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің есімімен жаңа шай шығарыла бастады. Қораптың сыртында әншінің суреті де бейнеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа брендті Димаш Dida Capital Partners компаниясымен бірлесіп жүзеге асырды.

Қазір әлеуметтік желілерде танымал тұлғаның өнердегі достары мен жақындары шайдың тұсаукесері сәтінен суреттерін жарыса жариялап жатыр. Олар тілектері мен құттықтауларын Dimash tea хештегін белгілеп, бөлісуде. Қуанышқа Димаштың жақындары көптеп жиналған. Олардың ішінде әншінің ата-анасынан бастап, Ұлықпан Жолдасов, Данэлия Тулешова, Жанар Айжанова сынды өнер жұлдыздары бар.

Алматыда өтіп жатқан тұсаукесер кешіне әншінің өзі де арнайы келген. Еске салайық, Димаш Құдайберген өткен жылы Қытайдың «Singer2017» ән байқауына қатысып 2-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, отандасымыздың ерекше дауысы қытайлық тыңдармандардың жүрегін жаулап, аз уақытта сол елдегі ең танымал әншіге айналды


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет