Енді диплом, курстық жұмыстарды көшіріп өткізген студенттер оқудан шығарылады

0
542

Елдегі жоғары оқу орындарына академиялық адалдық талаптарын сақтау міндеті жүктеліп отыр.


Енді диплом, курстық жұмыстарды көшіріп өткізген студенттер оқудан шығарылады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында елдегі университеттердің бәрінде плагиатты тексеретін жүйелер орнатылатынын мәлімдеді, деп жазады exk.kz.

"Елдегі жоғары оқу орындарына академиялық адалдық талаптарын сақтау міндеті жүктеліп отыр. Енді академиялық адалдық қағидаттарын бұзған студенттерді оқудан шығаруға мүмкіндік бар. Барлық дипломдық жұмыстарды, жазбаша жұмыстарды жөнсіз көшіріп алуды болғызбау үшін міндетті түрде тексеру нормасы енгізілді. Сонымен қатар университтердің бәрінде осы тексеру жүйелері орнатылды", — деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін министр 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы тағы өсетінін айтқан.