Енді елімізде онлайн микронесиені ресімдеу үшін тұлғаның бет-бейнесі тексеріледі

0
716

Өзгерістер деректерді қосымша тексеру және микронесиені алаяқтық жолмен ресімдеу мүмкіндігін болдырмау арқылы қаржылық қызмет көрсету қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.


Енді елімізде онлайн микронесиені ресімдеу үшін тұлғаның бет-бейнесі тексеріледі

ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесиелерді электрондық тәсілмен беру қағидаларына түзетулер жобасын ұсынды, деп жазады stan.kz.

Өзгерістер деректерді қосымша тексеру және микронесиені алаяқтық жолмен ресімдеу мүмкіндігін болдырмау арқылы қаржылық қызмет көрсету қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Түзетулер аутентификацияның кемінде екі әдісін қолдана отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жеке кабинетінде тіркеуді көздейді. Яғни биометриялық сәйкестендіру керек. Жеке кабинетте сәйкестендіру және аутентификациялау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:

  • Ұлттық куәландырушы орталығы ұсынған электрондық цифрлық қолтаңба;
  • Клиенттің биометриялық сәйкестендіруі;
  • Парольді немесе код сөзін тіркеген кезде клиент берген сөзді енгізу және телефон нөміріне келетін бір реттік парольді енгізу;
  • Клиенттің бет-бейнесін құжаттағы суретімен салыстыру.

Ережеге микронесие беру кезінде автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарға арналған жаңа тарау енгізіледі.

Жобаны талқылау 8 тамызға дейін жалғасады.

Осыған дейін елімізде телефон нөмірлерін өз бет-бейнелерімен тіркеу міндетті екені хабарланды.