Енді Enbek мобильдік қосымшасында мемлекеттік грант алуды рәсімдеуге болады

0
939

Enbek.kz мобильді қосымшасында жаңа мүмкіндіктер пайда болды.


Енді Enbek мобильдік қосымшасында мемлекеттік грант алуды рәсімдеуге болады

ERNUR.KZ. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға жазылуға және мемлекеттік грант алуды енді Enbek мобильдік қосымшасында ресімдеуге болады. Жұмыс іздеуден, жұмыссыздарды тіркеуден және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алудан басқа азаматтарға Business.Enbek.kz кәсіпкерлікті қолдау қызметтері қолжетімді болды, деп жазады inbusiness.kz.

Enbek мобильдік қосымшасының көмегімен пайдаланушылар "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жазыла алады, сондай-ақ өтініш беруден бастап шартқа қол қоюға және нысаналы пайдалану туралы есептерді тапсыруға дейін өздерінің бизнес – идеяларын іске асыруға 1,38 млн теңгеге (400 АЕК) дейінгі сомаға мемлекеттік грант алудың барлық процесінен өте алады.

Enbek мобильді қосымшасын пайдаланудың мына артықшылықтары бар:

Электрондық цифрлық қолтаңбаның қажеті жоқ. Енді өтініш пен шартқа қол қою тікелей мобильді құрылғыда жүзеге асырылады. Ол үшін смартфонда eGov Mobile қосымшасы болуы керек.

Көп арналылықты арттыру. Компьютердің немесе ноутбуктің болмауы бұдан былай емес, себебі ендігі жерде жұмыспен қамту қызметтері мен мемлекеттік грантты смартфон арқылы да алуға болады.

Әрқашан хабардар болыңыз. Мобильді құрылғыдағы Push-хабарламалар грантқа өтінішті қарау мәртебесі туралы уақтылы хабарлау.

Бұл қоcымша тегін және PlayMarket және AppStore қосымшаларында қол жетімді. Алдағы уақытта оның функционалдығы кеңейіп, жаңа cервистер мен қызметтер қосылады.