Енді педагогтар, дәрігерлер және заңгерлерді дайындайтын ЖОО-ларға талап күшейтіледі

0
1 502

Биыл 5 университет жұмысын тоқтатқан.


Енді педагогтар, дәрігерлер және заңгерлерді дайындайтын ЖОО-ларға талап күшейтіледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады baq.kz.

5 университетті толығымен жаптық. Онда оқып жатқан 45 мың студентті басқа ЖОО-ларға көшірдік. Қазіргі күні студенттер оқуын жалғастырып жатыр. Тек ЖОО-лары ғана емес, сонымен қатар колледждер бойынша да тиісті шараларды қабылдадық. Биылғы жылы 300 лицензиядан 130 колледж айырылды. Бұл жұмыс әрі қарай да міндетті түрде жалғасады, - деді министр.

Жалпы ЖОО-лардың сапасына, мазмұнына қойылатын талаптарды күшейтіп жатқандарын айтты.

Педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша, заңгерлерді дайындайтын колледждер бойынша заңнамада нақты ерекше талаптарды қойып жатырмыз. Мысалы, кезінде заңгерлерді елімізде тек қана екі университет дайындаса, бүгінгі күні оларды 72 университет дайындап отыр. «Бұл ЖОО-лардың сапасы жеткілікті ме, жеткіліксіз бе?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, рейтинг, сараптамалардың нәтижесінен проблемалар бар екенін көріп отырмыз. Педагогтерді бүгінгі күні 85 ЖОО дайындап жүр. Сондықтан осы мамандықтарды ерекше қадағалауға алып, тиісті талаптар енгіздік. Қазір олардың біразының лицензияларын қайтарып, тиісті сапа беретіндей жұмысты жүргізудеміз, - деп жеткізді БҒМ басшысы брифингте.