Енді Семей сынақ полигонына виртуалды түрде барып қайтуға болады

0
840

Бағдарлама ғаламшарымызда жасалған ядролық сынақтар жайында мол тарихи мағлұматтарға тұнып тұр.


Енді Семей сынақ полигонына виртуалды түрде барып қайтуға болады

ERNUR.KZ. Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институты жанындағы музейде ядролық полигондар болған мемлекеттердің интерактивті картасы жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағдарлама ғаламшарымызда жасалған ядролық сынақтар жайында мол тарихи мағлұматтарға тұнып тұр. Сондай-ақ мұнда институт қызметкерлері жүргізген соңғы зерттеулерден отандық полигон туралы жаңадан табылған тың ақпараттармен танысуға мүмкіндік бар. 3D көзілдірікті киген адамдар тіпті виртуалды карта арқылы бірінші ядролық жарылыстар аймағында болып қайта алады. Әзірге, аталған жаңашылдық музейге келуші дүйім жұртқа қолжетімді. Бірақ келер жылдан бастап осы қызметпен ресми веб-сайтта қолдануға болады.

– Бұл – біздің оқу-ақпараттық орталықтың еңбегі. Бағдарламада Семей полигонындағы және өзге жерлердегі ядролық сынақтар туралы мол ақпарат жинақталған. Мысалы пиктограммаға басып, кез келген фотосуреттерді аша аласыз,- дейді ғылыми-техникалық ақпарат бюросының маманы Әмір Қайыржанов.