Енді статистикаға қатысты сұрақтарды жедел желі арқылы қоюға болады

0
272

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 1446 байланыс орталығын іске қосты.


Енді статистикаға қатысты сұрақтарды жедел желі арқылы қоюға болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда статистика сұрақтары бойынша "1446" байланыс орталығы іске қосылды, деп жазады zakon.kz.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 1446 байланыс орталығын іске қосты. Бұл нөмірге қалалық және ұялы телефондардан тегін хабарласуға болады. Байланыс орталығы жұмыс күндері 9.00-18.30 аралығында жұмыс істейді.

Байланыс орталығының операторлары Бюро қызметіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша келіп түсетін қоңырауларға жауап беріп, өтініштерді қабылдай алады. Атап айтқанда, Бюро сайты бойынша ақпарат іздеу, статистикалық нысандарды толтыру мен олардың әдіснамасы, статистикалық есептілікті тапсыру кезінде туындайтын техникалық сұрақтар бойынша жүгінуге болады.

Бірыңғай нөмір Бюро жұмысының тиімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және өтініштердің өңделу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.