Енді темір жолда серуендейтін азаматтарға жаза қатаңдатылады

0
535

Ұлттық компания рұқсат етілмеген жерлерде темір жол арқылы өтіп, темір жол аумағында мал бағатын, сол арқылы апаттық жағдайларға себеп болатын адамдарға қатысты әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мақсатында осындай бастаманы көтеріп отыр.


Енді темір жолда серуендейтін азаматтарға жаза қатаңдатылады

ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы темір жол транспортындағы қозғалыс қауіпсіздігін бұзушыларға жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Тиісті сауалды әділет министрлігі қарау үстінде, деп хабарлады ҚТЖ филиалының қауіпсіздік бойынша атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров.

Ұлттық компания рұқсат етілмеген жерлерде темір жол арқылы өтіп, темір жол аумағында мал бағатын, сол арқылы апаттық жағдайларға себеп болатын адамдарға қатысты әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мақсатында осындай бастаманы көтеріп отыр.

"Компания ұсынысы бойынша әділет министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің айыппұл бөліміне өзгеріс енгізу мәселесін қарауда", - деді Алдажаров.

559 - "теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу" және 607 - "теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу" баптарына өзгеріс енгізу қарастырылған.

"Бұл адамдардың заңсыз әрекеті үшін жауапкершілігін арттырады. Сондай-ақ пойыз қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді", - деді атқарушы директор.

Ол айыппұлдардың қаншалықты өсетінін нақты айтқан жоқ. Бұл мәселені Әділет министрлігі шешеді.

Қазір теміржолға бөлінген аумақта мал жаюға 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады;

жолдарда бөгде заттарды қалдырғаны үшін – 20 АЕК (61 260 теңге);
теміржолдарда "серуендегені" үшін – 3 АЕК (9 189 теңге);

тыйым салынатын бағдаршам сигналына өткені үшін - 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл.

Теміржолдағы тәртіп ережелерін бұзу санын қысқарту үшін ҚТЖ Кодекстің дәл осы тармақтарына өзгерту енгізбек.