Енді WhatsApp-та канал ашуға болады

0
1 286

Функция қазір 150 елде қолжетімді.


Енді WhatsApp-та канал ашуға болады

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджерінде енді канал ашуға болады. Функция қазір 150 елде қолжетімді, бірақ оның қатарында Қазақстан жоқ. Дегенмен басшылық алдағы айларда барлық қолданушы канал ашу мүмкіндігіне ие болады деп уәде берді, деп жазады zakon.kz.

WhatsApp мессенджері канал ашу мүмкіндігін іске қосты. Бұл функция Қазақстандағы пайдаланушылар үшін әлі қолжетімсіз. Компания каналға рұқсат ашылғаны туралы хабарлама алу үшін күтетіндер тізіміне тіркелуді ұсынды.

Арналар чаттардан "Актуал" батырмасы арқылы бөлек тұрады. Каналда мәтіндерді, фото мен видеоларды және сілтемелерді жариялауға болады. Ал пайдаланушылар каналдағы ақпараттарға реакция білдіріп, жалпы санын көре алады.