Енді жүргізушілер республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын онлайн бақылай алады

0
340

Қазіргі уақытта 17 ақылы жолда 74 бейнекамера орнатылды.


Енді жүргізушілер республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын онлайн бақылай алады

ERNUR.KZ. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ көлік жүргізушілері үшін республикалық маңызы бар ақылы жолдарды онлайн режимде көрсететін ақпараттық сервисті іске қосты, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда 17 ақылы жолда 74 бейнекамера орнатылды, олар көлік қозғалысының трафигі, ауа райы және жолдың жалпы жағдайы туралы ақпаратты береді. Бұл жүргізушілер үшін алдын ала сапарды жоспарлауға, оңтайлы бағыттарды анықтауға және жолдағы қолайсыздықтарды алдын алуға мүмкіндік жасайды.
Бұл жаңа сервис сапар кезінде уақытты үнемдеуге және қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін таптырмас құрал болмақ. Ақылы жолдардың онлайн көрсетілімінің арқасында жүргізушілер кептелістерді алдын алып, уақыттарын үнемдеп, сапарларын ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп жоспарлай алады", - деп жазды ведомстводан.

Жолдардағы онлайн көрсетілім тек көлік жүргізушілерге қолайлы жағдайды жасап қана қоймай, сонымен қатар жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталмақ. Жолдардың жағдайы туралы ақпарат жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін сапарларын қауіпсіз әрі болжамды етуге көмектеседі.

Осылайша, "ҚазАвтоЖол" ұсынған ақылы жолдардағы онлайн көрсетілім көлік жүргізушілері үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып, жол инфрақұрылымының сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Қолданушылар Kaztoll.kz сайты арқылы нақты уақыт режимінде жолдардың жағдайын бақылай алады.