Энергетика министрлігі қосымша 7 мың тонна сұйытылған газ бөледі

0
928

​Бұл ішкі нарықта автогаз тапшылығын болдырмау үшін жасалған шара.


Энергетика министрлігі қосымша 7 мың тонна сұйытылған газ бөледі

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі жанармай құю бекеттерінде автогаз бағасын көтеруге негіз жоқ екенін, желтоқсанда ішкі нарыққа 7 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газы қосымша бөлінгенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жанармай құю бекеттеріндегі орташа баға литріне 111 теңгені құрайды", – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, еліміздің ішкі нарығын пропанмен қамтамасыз ету мақсатында "Теңізшевройл" ЖШС-мен кездесу өткізіліп, нәтижесінде желтоқсан айында ішкі нарық қажеттілігіне қосымша 7 мың тоннадан астам сұйытылған мұнай газы бөлінген.

Энергетика министрлігі Қазақстанның жанар-жағармай құю станцияларындағы автогаз бағасын көтеруге негіз жоқ екенін, өйткені желтоқсандағы аукционда сұйытылған мұнай газының орташа алынған бағасы тоннасына 144,707 мың теңгені (2021 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша) құрады. Ал қарашада тоннасына 152,194 мың теңге болған. Министрлік тұрғындарды газбен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда екенін атап өтті.