Енесін зорлаған 54 жастағы павлодарлық тұрғын сотталды

0
500

Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55-бабын қолдана отырып, Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.


Енесін зорлаған 54 жастағы павлодарлық тұрғын сотталды

ERNUR.KZ. Павлодар қалалық № 2 сотында енесін зорлаған 54 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қылмыстық іс жабық режимде қаралды. Полицияға жәбірленушінің қызы арыз түсірген. Тергеу барысында жүргізілген сараптама ер адамның кінәсін дәлелдеді.
"Қылмыскер жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, екі рет зорлаған. Сараптама нәтижелеріне қарамастан, айыпталушы өз кінәсін мойындамады", - делінген Павлодар қалалық № 2 сотының үкімінде.
Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 55-бабын қолдана отырып, Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Одан бөлек ол жәбірленушіге моральдық залалдың өтемі ретінде 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.