Энтони Блинкен Қазақстан халқына алғыс айтты

0
347

​АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге Қазақстан ұнағаны соншлық, ол тіпті Twitter-де лебізін қазақша білдірген.


Энтони Блинкен Қазақстан халқына алғыс айтты

ERNUR.KZ. Блинкен Қазақстанға сапары ұнағанын айтқан, деп жазады zakon.kz.

"Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған сапарым мен осы елде өткізген нәтижелі кездесулер ұнады. Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз үшін және #C5plusUS өткізгеніңіз үшін Президент @TokayevKZ және @MFA_KZ алғыс айтамын", – делінген хабарламада.



Энтони Блинкен Астанаға 28 ақпанда ресми сапармен келген еді.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Америкалық дипломатты қарсы алған мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары екіжақты және көпжақты форматта үлгілі ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.