Ербол Қарашөкеев пияз бағасын қалай тұрақтандыратынын айтты

0
876

Биыл пияз бағасы 5,5 пайызға қымбаттаған.


Ербол Қарашөкеев пияз бағасын қалай тұрақтандыратынын айтты

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев министрліктің алқа отырысының кулуарында Қазақстанда пияз бағасын тұрақтандыруға қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Биыл елімізде 1,1 млн тонна пияз өндірілген. Тұтыну көлемі – 300 тонна.

«Былтыр 800 мың тонна пияз өзімізге де, экспорттауға да толық жетті. Биыл әлем бойынша өте қиын жағдай туындап отыр. Негізгі пияз өндіруші елдер түрлі табиғи себепке байланысты жылдағы көлемді бере алмады. Мысалы, Пәкістанда қиындықтар бар. Бұл ел пияздың әлемдік қоймасы ретінде саналады. Алайда онда су тасқыны, қуаңшылық болды. Қазір Қазақстанда пияздың 100 мың тоннадан аса қоры бар. Ерте пісетін пияз жеткізілгенше, көктемге дейін осы пиязды сақтауымыз керек. Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия пиязды сыртқа шығаруға шектеу қойды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, шектеу мерзімі – 3 айға созылады.

«Нарықтағы жағдай өзгермесе, 6 айға дейін созылуы мүмкін. Бірақ ай сайын жағдайды бақылап отырамыз. Біздің өндірушілер пиязды сыртқа жақсы бағамен экспорттаған. Пияздың бағасы – көтерме деңгеймен келісіне 150-170 теңге. Ал Ресей, Өзбекстанда көтерме бағаның өзі 240 теңгеден асып кеткен. Сондықтан пияз бағасын тұрақты сақтау үшін оны сыртқа шығаруға шектеу қойылды. Қазір 3 айға шектеу енгізілген. Нарықтағы жағдай өзгерсе, соған сәйкес әрекет етеміз», - деді Ербол Қарашөкеев.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, елімізде бір аптада пияз 5,5% қымбаттаған.

«Өткен аптада көкөністер бағасы өсті. Пияз бағасы – 5,5%-ға, сәбіз – 1,3%-ға, картоп 1%-ға қымбаттады», - деп жазылған хабарламада.