Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып қайта тағайындалды

0
633

Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.


Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Досаев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • 1987 жылы Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді.
  • Алматы энергетикалық институтын,
  • Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады.

Еңбек өтілі:

  • "Тұран Әлем банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ Басқарма төрағасы (1997 ж.);
  • ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі (1998 ж.);
  • ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (1998 ж.);
  • ҚР Қаржы вице-министрі (2000 ж.);
  • Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы (2001 ж.);
  • ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы (2001-2003 жж.);
  • ҚР Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; ҚР Ұлттық банктің Басқарма мүшесі (2003-2004 жж.);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрі (2004-2006 жж.);
  • "Қазинвестбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2012 жж.);
  • 2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі.
  • 2013 жылғы 16 қаңтардан бастап – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
  • 2014 жылғы 6 тамызда ҚР Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың Басқарма төрағасы.
  • 2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
  • 2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – ҚР Ұлттық банктің төрағасы.
  • 2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.