Ерболат Мұхаметжан Білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

0
1 294

Ерболат Мұхамеджан журналист.


Ерболат Мұхаметжан Білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Журналист Ерболат Мұхаметжан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл жайлы Асхат Аймағамбетов facebook-тегі парақшасында жазды.

«Достар! Бүгіннен бастап журналист Ерболат Мұхамеджан БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесші ретінде жұмыс атқаратын болады . Қоғаммен тікелей байланыс және ашықтық орнатуда Ерболат Амангелдіұлы өзінің барлық тәжірибесі мен білімін қолданады деп сенемін», - деп атап өткен министр.