Ерекше шаш үлгісімен танылған Абай облысының Көші-қон қызметі басқармасының бастығы парамен ұсталды

0
491

Гүлвира Дөненбаева ішкі істер органдарында 1994 жылы төлқұжат және визалық жұмыс жөніндегі аға инспектор болып қызмет ете бастаған.


Ерекше шаш үлгісімен танылған Абай облысының Көші-қон қызметі басқармасының бастығы парамен ұсталды

ERNUR.KZ. Абай облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваны ұстады, деп жазады stan.kz.

Аталған ақпаратты Антикор растады.

"Шенеунік өзінің қарамағындағы қызметкері арқылы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерін қалалық көші-қон қызметі басқармасына өткізуге көмектескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Күдіктілер, оның ішінде полиция бөлімінің басқа қызметкерлері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Айта кетейік, Гүлвира Дөненбаева ішкі істер органдарында 1994 жылы төлқұжат және визалық жұмыс жөніндегі аға инспектор болып қызмет ете бастаған. Ол бес жыл бойы Астана қаласының көші-қон полициясы басқармасын басқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облысының полиция бөліміне келген. 2020 жылы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Дөненбаеваға полиция полковнигі атағы берілді.