Ертең Қазақстанның бірнеше өңіріне тұман түседі

0
809

Кей өңірлерде көктайғақ болады.


Ертең Қазақстанның бірнеше өңіріне тұман түседі

Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазгидромет орталығына сілтеме жасап.

10 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Ал Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күшеюі кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

10 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Күндіз кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Түркістан қаласында 10 қаңтар күні түнде және таңертең тұман болады.