"Ертіс орманы" қызметкерлері заңсыз ағаш кесті деген күдікке ілінді

0
369

"Ертіс орманы" РМУ кең ауқымды операциясы: сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


ERNUR.KZ. Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Ертіс орманы" қорығының ерекше қорғалатын аумағында ормандарды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру шарасын жүргізді, деп жазады kaz.zakon.kz.

Осылайша, 18 қыркүйекте облыс прокуратурасының келісімімен "Ертіс орманы" қорығында ауқымды операция жүргізілді.

Полиция қызметкерлері 20-ға жуық рұқсат етілген тінту жұмысын жасады. Оның ішінде Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылығы, "Ертіс орманы" республикалық мемлекеттік мекемесінің өзі, сонымен қатар бірқатар басшының тұрғылықты жері бар. Тінту кезінде құжаттамадан басқа (шот-фактуралар, есепке алынбаған ағаш материалдарын шығару туралы жазбалары бар дәптер және басқалары), атыс қаруы, оқ-дәрі және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.

"Қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Болжам бойынша, заңсыз ағаш кесумен Ресейдің "Ертіс орманы" мемлекеттік мекемесінің шенеуніктері айналысады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сай, өзге мәліметтер жарияланбайды", - делінген Polisia.kz хабарламасында.