Ертістің айдынына серуендеуге арналған кемелер шығады

0
1 354

Шағын кемелер Өзен вокзалынан айдынға шығады деп жоспарлануда.


Ертістің айдынына серуендеуге арналған кемелер шығады

ERNUR.KZ. Биыл Өскемендегі Ертіс өзенінің айдынына серуендеуге арналған үш кеме шығуы мүмкін, деп жазады Алтайньюс.

Жоба облыстық туризм басқармасының келісімімен жүзеге асапақ. Шағын кемелер Өзен вокзалынан айдынға шығады деп жоспарлануда.

«Белалекс» және «Вояж» туристік фирмалары маршрутты тек экскурсиялық бағытта ғана емес, «Самал» табиғи-спорттық паркімен байланыс мақсатында жасауды ұсынады. Мамандар осылайша өзен трамвайларына сұраныс арта түседі дейді.

– Бірақ «Самалда» айлақ жоқ. Яғни кемелер барып тоқтай алмайды, – дейді «Белалекс» фирмасының директоры Олег Белов.

Өскемен қаласының әкімі бұл мәселені жақын арада шешудің жолдарын қарастырып көруге келісті.

– Егер серуендеушілер көп болса, біз айлақ жасаймыз. Айналма жол жасайық. Мен кемелерді байқап көрейін, бір рет серуендеп қайтайық. Содан кейін бұл мәселені шешеміз, – деді Жақсылық Омар.