Ержан Шынкеев - "Қазақстан барысы - 2018" жеңімпазы

0
2 387

ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" VIII республикалық турнирі аяқталды деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Ержан Шынкеев -

ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" VIII республикалық турнирі аяқталды деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 37 балуан бақ сынады. Жарыста өткен жылы "Қазақстан барысы" атанған Еламан Ерғалиев биыл чемпиондық атағын қорғай алмай ширек финалда жарыстан шығып қалды.


Ал, Түркістан облысынан Ерсұлтан Мұзаппаров жартылай финалда Ерасыл Қажыбаевқа қарсы кілемге шықты. Ерасыл – биылғы додада қатысушылар арасындағы ең ауыр салмақты спортшы болғаны үшін Ерсұлтаннан 60 келіге ауыр болды. Дегенмен жекпе-жек соңында облысымыздың балуаны оңай жеңілген жоқ. Ұпай алғанмен, алып қарсыласынан айласын асыра алмады.

Қола белбеу үшін өткен белдесуде Ерсұлтан Мұзаппаровтың Айбек Нұғымаровқа шамасы жетпеді. Осылайша Шымкент қаласының Л. Тәжиева атындағы №4 спорт мектебінің балуаны жарысты 4 – орынмен аяқтады.

Финалда Ерасыл Қажыбаев пен Ержан Шынкеев кездесті. Мұнда Қарағанды облысының балуаны Ержан Шынкеев бесінші рет қатысқан "Қазақстан барысында" топ жарды. 2013 жылы финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Айбекке жол берген еді. Биыл Ержанның бағы жанды. Қазақстан барысы атанды!